"Әшекей бұйымдарым, ақша жиі ұрланатын": Назым Қаһарман Бишімбаевтар отбасы қатысты шындықтың бетін ашты

Қуандық Бишимбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман олардың отбасында болған күмәнді жағдайларды еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Назымның айтуынша, соңғы оқиғалар Қуандық Бишимбаевтың анасы жағынан туыстары – Нұрлыбековтер әулетіне қатысты естеліктерді есіне түсірген.
“Бишімбаев” деген тегі, меніңше, әділетсіз түрде жалпы атауға айналып кетті. Тәрбие беруде негізгі рөлді ана атқарады, мен мұны бұған дейін де айтқанмын. Сондықтан Қуандықтың анасы жағынан туыстары – Нұрлыбековтер әулетіне де назар аудару керек”, – дейді ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Назым тұрмыста болған кезінде Нұрлыбековтер отбасында болған жағдайлар туралы баяндады.
“Бұрын, біз әлі ажыраспаған кезде бір жағдай болды. Алмира Балтабаевнаның жиені біздің үйде бір-екі сағаттай ғана қонақ болды да, қайта ұшып кетті. Сол уақыттың ішінде Қуандықтың бір сағаты, тіпті екі сағаты жоғалып кеткен еді, саны нақты есімде жоқ. Біз одан күдіктендік, бірақ Қуандықтың анасы “мұндай болуы мүмкін емес” деді. Бір жылдан кейін Қуандықтың өзі Алматыда сол жиенімен кездесіп, оның қолында өз сағатын көрді”, – дейді Назым.
Оның сөзінше, сол кезде Қуандықтың анасы мен туған нағашы апасы бұл мәселені ушықтырмауды сұраған. Ал Назым мұндай әрекеттерге туыстар көз жұма қарамауы керек деп есептейді. Ол осы әулетке қатысты тағы бір жағдайды да еске алды.
“Біз Шымкентке барған сайын Алмира Балтабаевнаның анасына соғып кететінбіз. Сөмкемде көбіне әшекей бұйымдар немесе ақша болатын. Бір жолы сол әженің үйінде менің әшекейлерімді ұрлап кетті, ал ақшалар жиі жоғалып тұратын. Мен келінге айттым, ол “мән берме, мұны жиендердің бірі істеп жүр” деді. Бұл жолы басқа жиен”, – деді Назым.
Сонымен қатар Қаһарман бұрынғы күйеуімен жуырдағы әңгімесі жайлы айтып берді. Оның айтуынша, Қуандықтың анасы жағынан тағы бір жиені оны алдап кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін Назым Қаһарман экс-күйеуі Қуандық Бишімбаевпен өмірі туралы ашып айтқаны хабарланған еді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияға саңырауқұлақ терумен айналысып жүр