Асхат Шахаров Хромтау ауданы әкімінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Фото: Хромтау ауданының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Астанада өткен есептік брифингте Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаевтың ұсталуына қатысты журналистердің сауалына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналист орынбасары Сағындық Шабықбаевтың кінәсі дәлелденсе, Хромтау ауданының әкімі Нұрхант Тілеумұратов жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деп сұрады.
"Иә, бұл мәселе қаралады. Барлық іс-шаралар заң аясында жүргізіледі. Егер тергеу барысында қандай да бір адамның қылмысқа қатысы дәлелденсе, ол міндетті түрде жауапкершілікке тартылады”, – деп жауап берді Шахаров.
Әкімнің айтуынша, тергеу қазір жалғасып жатыр, нақты шаралар сот шешімі шыққаннан кейін ғана қабылданады.
40 жастағы Сағындық Шабықбаев екі жыл бойы қала әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін ол әкімнің орынбасары болған.
Еске салсақ, 11 қарашада Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.
Тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны ресми түрде айтылған жоқ, алайда бірқатар БАҚ оның пара алу бойынша күдікке ілінгенін жазған.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр