Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матайдың әкесі қызының “сексуалды” екенін айтып, жалаңаш эпизодқа түсуіне кеңес берген

Жуырда «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасы арқылы көрермендер әнші Арман Қоңырбаев пен Аша Матайдың отбасысымен де жақынырақ таныса түскен еді. Әйткенмен, бағдарлама эфирге шыға салысымен ондағы Ашаның және ата-анасының пікірлері бірден қатал сынға ұшырады.

rvdzQmIQSSs

Қызының кинодағы жолы туралы баяндаған әкесі «Обратная сторона» фильміне түсуге Ашаға ұсыныс келген сәті туралы айтып берді. Алғашында Аша ол ұсыныстан бас тартса да, әкесі өз кеңесін берген. Аталған фильмде Ашаның жалаңаш күйде душқа түсіп тұратын да эпизоды бар.

Бағдарламаны көрген көрермендер Ашаның келін бола тұра тым көп сөйлейтінін, әкесінің де қызын асыра мақтағанын айтып реніштерін білдірген.

Ашаның әкесі: «Сен ол эпизодқа түсу кезінде тіпті де көрініп тұрмайсың, душтың ішінде тұрасың. Халық сенің киімсіз-ақ әдемі екеніңе көз жеткізсін, онда тұрған не бар. Біреумен құшақтасып немесе сүйіспейсің, бұған еш қысылуға болмайды деп айттым», – дейді.

Сөзге араласқан анасы да, тағы бір «қызықты» жағдайдың тиегін ағытқан.

«Аша бір күні сахналық көйлегін ұмыт қалдырып, концертке басқа көйлегін киіп шықпақ болды. Ол көйлегі қысқа болатын. Концерттен кейін әкесі Ашаға қарап, «қызым осындай көйлекті көп кисең, «сексуальная боласың деді”, – дейді анасы Бәтес.

Ал Арманның өзі де, ата-анасы да эфир барысында барынша сабырлы ұстаған. Айтпақшы, ата-енесі Ашаға үйде орамал тақпай жүре беруге рұқсат беріпті.

Әлеуметтік желі қолданушылары, сұхбат берушілердің, әсіресе, Аша мен оның ата-анасына өз наразылықтарын білдірген. Біріне құдаларынан қысылмай сөйлеген Ашаның әкесі жақпай қалса, біріне өзін шектен тыс еркін ұстаған Аша ұнамапты.

Талқылау