Аша Матай жаңа істі қолға алды
Аша Матай жаңа істі қолға алмақ. Ол ағылшын тілі курстарын ашқалы жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аша Матай бүгінде әнші, актриса, тележүргізуші. Ол бірде өзінің сәнгерлік қырының да бар екенін айтып қалған-ды. Бұл жолы ол ағылшын тілі курстарын ашқалы жатыр.
“Достарым менің! Мен ағылшын тілі курстарын ашқалы жатырмын. Өзім осы тілді жетік меңгергім келеді. Бұдан өзге кәріс, қытай тілдерін меңгеріп алсам деген ниетім бар. Араларыңызда осы тілді жетік меңгерген шетелдіктер немесе жергілікті ұстаздар болса, 8 775 557 50 55 нөміріне хабарласыңыздар. Мұнымен қатар, мен жақсы әкімгер мен ұйымдастырушы іздеп жүрмін. Сіздерді асыға күтемін. Хабарлсыңыздар!” – дейді Аша Матай.
Желі қолданушылары өз кезектерінде тележүргізушіні жаңа бастамасымен құттықтады. Өздері ұсына алатын көмектерін тізімдеп жатты.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызы туралы: “Ол менің өмірімді өзгертті”
Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты
Қабатовтың келіншегі: Күшті де сүйкімді күйеуімді ешбір тоқалмен бөліспеймін