Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай мінезі жараспайтын күйеуімен қалай тіл табысып жүргенін айтты

Өнер жолындағы кейбір танымалдардың, тек пиар үшін үйленуі де бек мүмкін! Осындай пікірге келген Жанна Орынбасарова, шығармашылық адамдарға өз отбасын сақтап қалу қиын екенін алға тартады. Ал, әншінің өзге әріптестері бұған не дейді?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Джаз жанрының жарқын өкілі Жанна Орынбасарованың, шығармашылық жолда жүргеніне жиырма жылдан асты. Әнші, осы уақыт аралығында, отбасының шырқын бұзбау үшін барын салған көрінеді.

“Әр отбасының бағыты, келісім-шарттары болады. Махабатпен келісті ме, әлде тек пиар үшін келісті ма? Бірақ, менің ойымша, осы өнерде жүрген артистердің отбасын сақтап қалуы қиындау”,  – дейді Жанна Орынбасарова.

Әнші үшін бақытты жанұя құрудың құпиясы тек біреу:

“Менің ойымша екі жұптың көзқарасы бірдей болуы керек. Қөзқарасы бір боліп, түсінісу болса, сондай кезде тіл табысып, ажыраспай өмір сүреді”, – дейді Жанна Орынбасарова.

Алайда, Мәдина Сәдуақасова әріптесінің бұл пайымдауына мүлде қарсы. Отағасы екеуіміздің дүниетанымымыз бөлек болғанына қарамастан, біз мерейлі отбасының біріміз дейді ол.

“Бір-бірімізді түсініп, түсінуге тырысып өмір сүріп келе жатырмыз. Ұлымызды өсіріп, бірақ шығармашылығыма ешқандай кедергі қоймайды, түсінеді”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Өнердің арқасында көңіл жарастырған Арман мен Ашаға да ортақ салада тер төгіп жүргендіктен, жанұяның бақытын ұйытып ұстау қиын емес.

“Екеуміздің мінезіміз сан алуа түрлі, екеуміздікі екі түрлі. Дегенмен, бір-бірімізге бейімделіп келе жатқан сияқтымыз. Бір-бірімізге түсіністікпен қарауға тырысамыз, мен кейде ашуға бой алдырып аламын, ал Арман сабырмен жеңеді”, – дейді Аша.

Сабырымен сүйіктісін баураған Арманның бұл тақырыпқа өз тұжырымы бар.

“Өнерді бірінші орынға қоймаймыз. Білуімізше, көп әншілер өнерді бірінші орынға қояды ғой. Бізге бірінші орында отбасы болғандықтан, ойымыз әрдайым бір жерден шығады”, – дейді Арман.

Жіберіп алмаңыз:

Бағым Мұхитденова пиарға жаны құмар шатақ мінезді “жұлдызды” аяйтынын айтты

Жанар Дұғалованың не себепті көрінбей кеткені белгілі болды

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Әлемдік турне: Майғазиев Америкада концерт беріп, Меккеге қажылыққа аттанбақ

Талқылау