Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай тұңғышын дүниеге әкелді

Аша Матай көптен күткен тұңғышын босанды. Ол сәбиін дүниеге әкелерде қатты қиналғанын айтып жатыр.

14272238_328049444211847_325273467_n

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев жұртпен қуаныштарын бөлісті. Жұлдызды отбасында қыз бала дүниеге келді. Жаңалықты алғашқылардың бірі болып тележүргізушінің құрбылары жеткізді. Енді міне Ашаның өзі аяқ-қолын бауырына алғанын айтып жатыр.

“Алла тағалама мың алғыс! Ата-ана атандық. Адамды дүниеге әкелу оңай емес. Өз басым қатты қиналдым. Бұл уақытта менің жанымда болған анашымның арқасында шыдамым жетіп, сәбиімді құшағыма алдым. Рахмет, анашым! Біздерді жан-жақтан құттықтап жатқан туысқандарымызға, достарымызға, құрбыларымызға, тыңдарман-көрермендерімізге ризашылығымды білдіремін! Әр үйден баланың күлкісі кетпесін”, – дейді Аша Матай.

Желі қолданушылары да тележүргізушінің қуанышын бөлісуге асықты. Дүние есігін ашқан сәбиге денсаулық пен бақыт тіледі. “Бауы берік болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Арман, Аша, шын жүректен құттықтаймын!”, “Елінің ертеңіне пайдасы тиер тамаша азамат болсын! Шын жүректен құттықтадым!”,” Негізі мұндайда анасы қасында болмауы керек деп жатушы еді. Өйткені, анаңыз бірге толғатып, одан бетер қиналасыз” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Қайрат Нұртас: Мені аман алып қалған Аллаға сансыз шүкір

Талқылау