Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар өнердегі жемқорлық туралы айтып берді

Жуырда өткен үлкен концерттердің біріне жас әншілер мүлдем қатыспаған. Осы мәселеге олардың ақшасының жоқтығы себеп болса керек.

dfgg

Бұл туралы КТК арнасының Instaлайық бағдарламасында айтылды.

Мақсат Базарбаев, Тоқтар Серіков сынды жұлдыздар өнерде жемқорлықтың бар екенін жасырмайды. Десе де, өздері мұндаймен бетпе-бет кездесіп көрмеген екен. “Сіздер айтып отырғандай концертке неге қатыстырмайды? Себебі, кімнің қатысып, қатыспайтынын тек ұйымдастырушылар шешеді”, – дейді Мақсат Базарбаев.

Тоқтар Серіковтен біреу пара сұрамаса да, ұлымен немесе қызымен ән айтуды өтініп сұраған екен. Әнші мұндайда тек өнерді бағалайтынын айтады. Яғни, жасөспірімнің бойынан өнерді көрмесе, мұндай ұсыныстардан бас тартады. “Мен өмірімде мұндай нәрсеге кезікпедім. Бірақ, біреулердің келіп, “Ұлыммен немесе қызыммен бірігіп ән айтыңызшы” деген кездері болды. Бірінші алдыма келіп тұрған баланың даусын тыңдап көремін.  Ойдан шықпаса, ата-анасына баласын қинамауға кеңес беремін. Әлі де дайындалу керектігін айтамын”, – дейді Тоқтар Серіков.

Ал Мұқасан Шахзодаев жемқорлықтың барлық салада бар екенін меңзеді. “Жалпы шоу бизнес емес, ол барлық салада бар ғой. Ол – заманның ағымына сай дүние деп те айтуға болатын шығар. Ол болған және бола береді. Ең бастысы, бағы бар азаматтар өз орнын табады. Мен өзімді осы жолы болған азаматтардың қатарына жатқызамын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

«Титаник» фильмін өзге қырынан

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырады (фото)

Қызына Абайдың өлеңін үйретіп отырған Мейрамбек тыңдармандарын сүйсінтті (видео)

Қазақстандық ару «Әлем аруы» байқауына арналған видеороликте көпбалалы отбасы туралы айтты (видео)

Талқылау