Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай сәнді киім жарнамасына түсті

Елімізге әйгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай инстаграмдағы парақшасында “Love Republic Almaty” дүкенінің 2016 жылға арналған жаңа топтамасын киіп түскен суреттерін жариялады.

9eJLYf8bkhg

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

GD_z2wIUdnA

Суреттен өзге топтаманың түрлі киімін таныстыратын видео да бар. Аша Матай осыған дейін де инстаграмдағы парақшасында аталған дүкеннің киімдерін киіп түскен суреттерін жариялаған болатын.

New Collection 2016.. @love_republic_almaty 👗 @y_li_photography1 📷 @sandi_beksirga 🎨 @as_kuralay 💆🙆

Видео опубликовано Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

2015 жылы Love Republic брендін топ-модель Ирина Шейк таныстырған болатын. Ол компанияның Канар аралдарында өткен көктемгі топтаманы таныстыру түсіріліміне қатысқан. Иринаны түсіретін суретші ретінде польшалық Матауеш Станкевич таңдалған.

Бренд құрылғаннан осы күнге дейін әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен жұмыс істеп келеді. 2009 жылы Вера Брежнева, Надежда Грановскиймен, 2010 жылы Наоми Кэмпбеллмен жұмыс істеген. Аша Матай 2015 жылдың 2 сәуірінен бастап осы брендің таныстырушысы болып келеді. Әнші бұдан өзге қазақстандық сәнгер Малика Юсупова құрған Malique әйелдер киімі мен Brosh зергерлік бұйымдар дүкендер желісінің таныстырушысы.

Талқылау