Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай қызын құттықтаған кезде ән салмаған музыканттарға ренжіп қалды

«Қалаулым» бағдарламасының жүргізушісі Аша Матай тікелей эфирде отырып отбасындағы атаулы күнге орай, қызы Асылымды туған күнімен құттықтады,-деп жазды Stan.kz.

 

Аталмыш бағдарламаға қатысушылардың бірі өнерін көрсете отырып, «Аналарға» арналған өлең оқыды. Осы сәтте алғаш рет ана атанған Аша да тебіреніп кетті. Сол сәтте қызына деген өзінің ерекше ішкі сезімін тарқатқан бағдарлама жүргізушісі  Аша Асылымды алғашқы яғни бірге толған күнімен құттықтады.

«Бүгін меніңотбасымда айтулы күн. Қызым Асылым бір жасқа толған күн. Қарап тұрсаңыздар Алматыда ауа-райы да керемет болып тұр. Бұл қызымның жайдары мінезді болатынын білдірсе керек. Асылымды, Арманды, ата-аналарымызды осындай айтулы күнмен құттықтаймын. Қызым әлі кішкентай ештеңені түсінбей отырған болар. Бірақ бүгін жақындары оның құрметіне ерекше сый-құрмет көрсеткелі жатыр»,-деді Аша Матай.

Студия қонақтары мен бағдарлама қатысушылары Ашаның кішкентайына жағымды тілектерін айтып, отбасыларына жақсылық тілеп өтті.

Тура осы күні бағдарламадағы техникалық қызметкердің де туған күні екен. Жұрт соны құттықтаған кезде музыканттар ән сала кетті. Мұны көрген Аша “Менің қызымды құттықтаған кезде ән салмап едіңіздер, түсінбедім? Бұл бір әділетсіздік сияқты” деп  күлді.

Осыдан кейін музыканттар Асылымды туған күнімен құттықтап ән сала кетті.

Оқи отырыңыз:

Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)

Мұқасан Шахзадаев тұңғыш рет жұбайын көрсетті

Асылхан Төлепов бойдақтық өмірімен қош айтыспақ (фото)

БАҚ Рената Литвинова мен Земфираның үйленгенін жариялады

Талқылау