Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай: Қызымның алдында өзімді сатқын сезініп жүрмін

Өткен жылдың соңында тұңғышын дүниеге әкеліп, бауырына басқан Аша Матай көңілді кештерге сирек баратын болған. Айтуынша, баласынан жыраққа кеткен кездерде ол өзін кінәлі сезінеді екен.

Аша Матай_150217

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Үйден шыға салысымен баламды қалдырдым деп өзімді сатқын сезінемін. Кептеліске тұрып қалған жағдайда да уайымдап, хабарласып, хал-жағдайын біліп: «Неге айқайлап жатыр? Неге жылап жатыр?» деп шығамын. “Жоқ, жай күліп жатыр” дегенде тынышталамын. Сүт тасып жатады омырауымда. Тез-тез үйге баруым керек деп сағынып кетемін кәдімгідей.

Ана болу оңай емес. Оны шынымен енді ғана түсініп жатырмыз. Сүтіміз аз болып қалса, оған уайымдаймыз. Одан басқа келінмін. Сондықтан оңай емес, әрине”, – дейді Аша.

Бұл ретте Ашаның бизнестегі құрбысы, сәнгер Ольга Ким өзінің тәжірибесімен бөлісіп, Ашаға босқа уайымға салынбауға кеңес берді.

“Кенжемді өмірге әкелген соң екі аптадан кейін Mercedes Fashion Week-те көрме өткіздім. Сол кезде мен ана болуға лайық емеспін деп өзімді қоярға жер таппағаным есімде. Одан кейін үш күнге Миланға ұшуға тура келді. Баламен жол жүрудің азабын ойлап үйге тастап кеттім. Сол сәтте бар дүниемді ұмыт қалдырсам да, қолымнан сүт сауатын құрал түспейтін”, – дейді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Жәния Джуринская биылдыққа үшінші рет шетелге аттанып кетті (фото)

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

Абдуллин: Үй мен көлік сатып алып көрмеппін, бәрін достарым сыйлайды (фото)

Ерке Есмахан Алматыдан Астанаға қоныс аударды (фото)

Талқылау