Аша Матай: Арман – Қазақстандағы мықтылардың мықтысы
Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаевтың отандық брендтің таныстырушысына айналғанын айтып мақтанды.
Сурет: Аша Матайдың жеке парақшасынан
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
Жуырда Арман Қоңырбаев отандық киімдер брендінің таныстырушысына айналды. Әншінің келіншегі бұл жаңалықты бөлісіп қана қоймай, мұндайдың бұрын-соңды Қазақстанда болмағанын айтып жатыр.
“Мен бұл жаңалықты жақсы қабылдадым. Оның үстіне отандық өнімді қолдауға әрдайым дайынмын. Арманның өзі жарқын түсті киімдерді аса ұната бермейді. Көбінесе сұр, қара, ақ түсті киімдер киеді. Қазақстандағы ер адамдарымыз брендтің таныстырушысы болып көрмеген. Сол себепті, мұны бұрын-соңды болмаған жайт деп айта аламын. Мысалы, маған ұсыныстар көп түсті. Мұндай нәрсе қыздар үшін қалыпты жағдай. Ал Арман үшін қатты қуанып тұрмын. Бұл “Арман – мықтылардың мықтысы” деген сөз ғой”, – деп күлді Аша Матай.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Бізде әйелді ұру дәретханаға барып келгенмен тең
Баян Мақсатқызы: Жаратушы ғана барлығын кешіре алады
Су ішінде ас ішкен Әлия Телебарисова “мақтаншақ” деген атқа қалды
Баян Мақсатқызы балаларды ұрмай, ұрыспай тәрбиелеуге шақырды