Аш-құрсау жетім баланың хикаясы желідегілердің жүрегін елжіретті (видео)
Норвегияның жасөспірім, отбасы және балалар ісі бойынша басқармасы және Kitchen жарнамалық агенттігі мектепке бос түскі ас қорабымен келіп және басқа балалар арасында өзін ыңғайсыз сезінетін асыранды бала жайында бейнеролик түсірді. Жарнамаға Adweek баспасы назар аударды.
Сюжет бойынша бала сыныптан шығып дәлізде жүреді және фонтан маңында уақыт өткізеді. Сыныпқа қайта келген кезде асқа арналған қорабының толып қалғанын байқайды.
Оқушы жан-жағына қарап, әр сыныптасының өз түскі асымен бөліскенін түсінеді.
Facebook-қа жарияланған роликті 12 миллионнан астам қолданушы көрген. Бұл қысқа хикаяны барлық балалар мен ата-аналары көру керек деп пікір қалдырылған.
Carbonated порталының мәліметіне сүйенсек, Норвегия басшылығы жетімдерді асырап алу бағдарламасын дамытуды көздеп отыр. Сондай-ақ, жоба бойынша кәмілеттік жасқа толмаған норвегиялықтардың көпшілігі баспаналы болуы үшін, қосымша мекемелер соғылу жоспарлануда.
Талқылау