Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Асфальтқа құлатып, басынан тепкілеген: Талғар ауданында бір топ ер адам азаматты аяусыз соққыға жықты

Талғар ауданында бір топ азаматтың ер адамды аса қатыгездікпен жабылып ұрып жатқан видеосы тарады. Видеода жәбірленген ер адамның беті қан болғаны байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш кентіндегі "Нұрия" тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Видео кадрларында төрт ер адамның жерде жатқан адамның басынан тепкілеп, асфалтқа құлатып, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді. Ал тұрғындар оларды видеоға түсіріп, тоқтатуға тырысқан. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ретте азаматтардан полицияға арыз бен хабарлама түспеген", – деп хабарлады ведомство. 



Алайда әлеуметтік желілердің мониторингі барысында тәртіптің бұзылуы анықталған.

"Көшедегі жанжалдың барлық қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Барлық қатысушы тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталып, қатаң жауапкершілікке тартылады. Агрессия мен қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген көрінісі дереу және қатаң түрде тоқтатылады", – деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 15:37
Талқылау