Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Астана әкімі Әсет Исекешевтің қазақша сөйлеуін көпшілік сынға алса, біразы еріксізден езулеріне күлкі үйіргендерін айтыпты.

Безымянный

Қала әкімі бірер күн бұрын “Әбу Даби Плазада” шыққан төбелеске байланысты оқиға орынына барып, жұмысшылармен, журналистермен тілдескен болатын. Сол сәттегі әкімнің ұүзіп-жұлып сөйлеген қазақшасы көпшілікке түсініксіз күйде қала берген.

“Күлеміз бе, жоқ əлде жылаймыз ба? Астанадағы индустармен болған жанжал биліктің тағы бір артын ашты. Қазақтардың үлес салмағы 86 % жеткен Астана қаласының Əкімі Исекешев халықтың арасына барғанымен қазақ жігіттерімен сөйлесе алмай, қиналып қалды. Аким Исекешов, видимо, раньше чуствовал себя Главой Администрации гор. Новосибирска или Омска! Енді қазақшаға тілі жетпей, не айтарын білмей: Мэн кеген и айтад, уйге кайтад, тубелес керег жог, тубелес, драка болды, битти, все разойдитесь, деп қояды. Өз халқымен сөйлесе алмайтын Əкім кімге керек?”, – деп жазады Руслан Шынтас.

Кейін желі қолданушылары шаһар басшысының суретімен бірге оның сөздерінің түпнұсқасын жариялап, жұртты күлкіге қарық қылды. Тіпті әкімнің сөзін Сайлаубектің рэпіне ұқсатқандар да табылыпты.

“Мас сияқты тілі байланды, есі шықты”, “Кишкене конфликт болды, кишкене конфликт болды” дегеннен басқа ештеңе айта алмады”, “Исекешев өз тілінің өте қажет екенін кеше түнде қатты түсініп кетті… Есі дұрыс болса, енді қазақшасын дұрыстасын” деп жазады желі қолданушылары.

Вот эта выдержка у Асета Исекешова 👍

Публикация от 🇰🇿© ZTB.KZ 2017 (@ztb_video)

Еске салсақ, 2 қыркүйек күні кешкісін “Абу-Даби Плаза” құрылыс алаңының бақылау-өткізу бекетінде күзет компаниясы қызметкерлері мен Үндістаннан келген жұмысшылар арасында жанжал туындады. Жаппай төбелес салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған.

Жаппай төбелестен кейін оқиға орнында қоғамдық тәртіп бұзған 40-тан астам адам полицияға жеткізілді. Олардың сегізі әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қалғандары профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен соң босатылды.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев Мьянмадағы мұсылмандардың қырылуына байланысты үн қатты

Ақмола облысында әкім ірі көлемде пара алып жатып ұсталды (видео)

АҚШ президенті Назарбаевты еліне шақырды

Дәурен Абаев жылы кабинетті тастап, жабайы табиғатқа аттанбақ

Талқылау