Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа кеңесшісін тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақпаратты Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Әсет Ерғалиев өзінің кәсіби қызметін 2010 жылы экономика саласында6 Лондондағы Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің экономикалық департаментінде Шығыс Еуропа мен Кавказ бойынша аймақтық талдаушы және экономист ретінде бастаған. 

2013 жылдан бастап Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Экономикалық зерттеулер институтында әртүрлі лауазымдарды атқарған. 

2016 жылы "Бәйтерек" Холдингі басқарма Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған.

2016 жылдан 2018 жылға дейін премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарды, содан кейін премьер-министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығы меңгерушісінің орынбасары мен меңгеруші қызметін атқарған. 

2018 жылы Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр ретінде қызметін атқарды.

2019 жылы ҚР Премьер-Министрі  Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалған. Осы жылы Әсет Ерғалиев ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Содан кейін 2021 -2022 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министр лауазымына тағайындалған. 

Ал 2022 жылы 6 қаңтардан бастап 2023 жылы 1 қыркүйекке дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

2023 жылдың 2 қыркүйек айынан 2024 жылдың 16 мамыр айына дейін президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымына кіріскен. 2024 жылы 16 мамырдан бастап қазіргі кезге дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 19:10