Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсем Жакетаева көптен бері жасырған сүйіктісін көрсетті (фото)

Әсем Жакетаева халыққа сүйіктісін көрсетіп, оған өзінің туған күніне әзірлеген тосын сыйы үшін алғыс айтты.

новый коллаж

Фото: instagram.com/assem_zhaketayeva/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Қазақстандық әнші әрі актриса Әсем Жакетаева 2015 жылдың маусым айында отбасын құрған болатын. Қуанышты жаңалығымен Жакетаеваның өзі бөліссе де, сүйіктісін көрсетуге асықпай біраз жүрген-ді. Бүгін әнші өзінің инстаграмдағы парақшасына сүйіктісімен бірге түскен суретті салып, оған өзінің туған күніне әзірлеген тосын сыйы үшін алғыс айтты.

12976441_497776927097742_2142060455_n

Сүйіктісі “Қазақзергер” компаниясының басшысы  – Жұмашев Алмас Бейбітұлы. Тұрар Рысқұлов атындағы экономикалық университетте білім алған Алмас Алматы қаласының тумасы.

10500399_727879487268524_5620324982254024066_n

Фото: facebook.com/profile.php?id=100001622412129&fref=ts

Халыққа Әсем Жакетаева Superstar.kz жобасы арқылы танылған болатын. Бойжеткен аталған жобадан кейін араға 5 жыл уақыт салып, көрермен көзінен таса болды. Артынша Айлан есімімен шоу-бизнеске қайта оралды. Қазіргі таңда Жакетаева отандық телехикаялардан бой көрсетіп жүр.


Оқи отырыңыз:

Қазақ эстрадасындағы сүйіктілерін жасыратын жұлдыздар

Жания Джуринская: Сүйіктімді бәрінен қорғағым келеді

Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті

 

Талқылау