Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әселден басқа келін керек емес": Айқын Төлепбергеннің ата-анасы Жұлдызбен қосылуына қарсы болғанын жасырмады

Танымал әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидың ата-аналары бағдарламаға келіп, шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бағдарламадан скриншот 

Өнер иелері “Астарлы ақиқат” бағдарламасында той жасап, екі жақтың ата-аналарын шақырды. Әнші Айқынның анасы студияда көз жасына ерік берді. 

“Айқынның екінші рет шаңырақ көтеруі төбемізден жай түскендей болды. “Әселден басқа келін керек емес” деп қарсы болдым. Екі немерем үшін уайымдаймын. Әкелері қамқор болғанымен бірге тұрмайды. Сол үшін уайымдаймын. Аңсардың жасы – 13-те. Бірақ әкесі “Баланың шешіміне қарсы болма” деді. Содан кейін батамызды бердік. “Екі баланы ешқашанда жалғыз қалдырма” деген талап қойдым. Ұлым сөз беріп, артығымен орындап жүр. Жұлдыз да жақсы келін бола білді. Екеуміз – жерлеспіз. Бір руданбыз”, – деді Гүлзада Төлепберген. 



Одан кейін Айқынның әкесі, балалар ақыны Нұртан Төлепберген де ұлының таңдауын өзгерте алмағанын айтты. 

“Бұрынғы келініміз Әсел өте тәрбиелі отбасынан шыққан. Айқын мен Жұлдыз үйленеді дегенде естігенде алдымен құда-құдағайымызды ойладық, “Құда – мыңжылдық” деп бекер айтылмаған. Сол кісілерден қатты қысылдық. Өте жақсы араластық. Бірақ тағдыр осылай жазыпты. Әсел келінімізге көп рақмет. Екі немерені дүниеге әкелді. Жалпы тоғыз немеренің атасымын. Жұлдыздан туған немерелерімде сондай тәтті. Әке-шешесінен қорыққанымен, бізге еркелейді”, – деп ағынан жарылды. 

Айта кетейік, Айқынның енесі де қызының таңдауына қарсы болғанын жазған едік. 

Талқылау