Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әсел Сағатова жанкүйерлерінен жасырын түрде қыз босанып алған (фото)

Әсел Сағатова қызды болғанын жанкүйерлерінен жасырып келген. Сүйінші хабарды актриса араға 4 ай салып жария етті.

a241

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әншілерден қарағанда, кино саласының майталмандары жеке өмірлері туралы көп айта бермейді. Instagram-ның белсенді қолданушылары білетін де шығар, Құралай Анарбекова, Әлия Телебарисова, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды сылқымдар желіде жарқ-жұрқ етіп шыға бермейді. Отбасы, ошақ қасын сирек сөз қылады. Әсел Сағатова да солай!

Бірнеше айдан бері көрермендер көзінен тасада болған актриса үшін жанкүйерлері алаңдап та қалған. Бірнеше сағат бұрын Әсел қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол қызымен түскен суретін жариялап:

“Менің бөбегім. Бізге 4 ай. Бұл жайлы көп адам білмейді”, – деп жазды.

20398346_1352945101469323_4042696258656141312_n

Ал қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары актрисаны жарыса құттықтап жатты.

“Ұзақ уақыттан бері жоғалып кеткеніңізге қарап өзім де солай ойлаған едім”, “Білген едім, сыртқы пішініңізге қарағаннан-ақ білініп тұрды”, “Құтты болсын”, “Әсел, қашан үлгердіңіз”, “Бауы берік болсын, көптен көрінбей кетіп едіңіз”, – деп жазды желі оқырмандары.

20398444_1376772625775796_3060279883344117760_n

Айта кетейік, 2010 жылы тұрмысқа шыққан актрисаның бір ұлы бар еді.

19122371_1223333414456521_5569214342454312960_n

Жіберіп алмаңыз:

Жұбайы Майғазиевтің өзіне ессіз ғашық болған күндерін еске алды

Жарасымды жұп: Дәурен мен Ақботаның отбасылық суреті желіні шулатты

Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Талқылау