Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті

Қарақат Әбілдинаның анасы Қаламқас әжей 16 құрсақ көтерген көпбалалы абзал ана. Олардың арасынан өнерге жақын болып, оза шапқаны – бүгінгі Қыдырәлі Болмановтың жары Қарақат.

20394343_2339394579619788_2244721664631767040_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қарақат Әбілдина – бір үйдің он бесінші перзенті. Отбасы, ошақ қасы туралы жиі сөз қозғайтын әнші әдетте ағайынды бауырлары жайында көп айта бермейді. Бір жағынан өзі де олармен сирек кездесетін көрінеді.

Десе де, әнші қуанышта да, қайғыда да жақындарының жанынан табылуды парызы санайды. Мәселен, жуырда әнші туған жерінде болып, ағайындарының қуанышына ортақтасып қайтты. Бұл ретте әнші туған әпкелерімен түскен суретін жариялап: “Біздің үйдің бес қызы – Қымбат, Сымбат, Бағдат, Қарақат, Инабат. Бір тумақ болса да, бір жүрмек жоқ”, – деп жазды.

Ал желі оқырмандары Қарақаттың әпкесі Сымбатқа ұқсайтынын айтып жатты.

“Есімдері әдемі, ұйқастырып жақсы қойған екен”, “Ішіндегі сұлуы Қарақат”, “Қандай әдемі”, “Қымбат әпкеңіз туралы мүлдем айтпайсыз ғой”, “Қымбат Әбілдина сіздің әпкеңіз бе?”, “Ұқсамайсыздар, бақытты болыңыздар”, – деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын

Сиви Махмұдидің бауыры: Өзімді байдың баласымын деп айта аламын

Ерке Есмахан ата-анасының “алтын тойын” концерт сияқты өткізді (видео)

Мейрамбек: Баян Есентаева секілділердің кітабына уақытымды шығындағым келмейді

Талқылау