Әсел Сағатова жанкүйерлерінен жасырын түрде қыз босанып алған (фото)
Әсел Сағатова қызды болғанын жанкүйерлерінен жасырып келген. Сүйінші хабарды актриса араға 4 ай салып жария етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әншілерден қарағанда, кино саласының майталмандары жеке өмірлері туралы көп айта бермейді. Instagram-ның белсенді қолданушылары білетін де шығар, Құралай Анарбекова, Әлия Телебарисова, Қарлығаш Мұхамеджанова сынды сылқымдар желіде жарқ-жұрқ етіп шыға бермейді. Отбасы, ошақ қасын сирек сөз қылады. Әсел Сағатова да солай!
Бірнеше айдан бері көрермендер көзінен тасада болған актриса үшін жанкүйерлері алаңдап та қалған. Бірнеше сағат бұрын Әсел қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол қызымен түскен суретін жариялап:
“Менің бөбегім. Бізге 4 ай. Бұл жайлы көп адам білмейді”, – деп жазды.
Ал қуанышты хабарды естіген желі қолданушылары актрисаны жарыса құттықтап жатты.
“Ұзақ уақыттан бері жоғалып кеткеніңізге қарап өзім де солай ойлаған едім”, “Білген едім, сыртқы пішініңізге қарағаннан-ақ білініп тұрды”, “Құтты болсын”, “Әсел, қашан үлгердіңіз”, “Бауы берік болсын, көптен көрінбей кетіп едіңіз”, – деп жазды желі оқырмандары.
Айта кетейік, 2010 жылы тұрмысқа шыққан актрисаның бір ұлы бар еді.
Жіберіп алмаңыз:
Жұбайы Майғазиевтің өзіне ессіз ғашық болған күндерін еске алды
Жарасымды жұп: Дәурен мен Ақботаның отбасылық суреті желіні шулатты
Ағайынды бестік: Қарақат Әбілдина туған әпкелерін көрсетті
Мейрамбек Беспаев: Музыкалық арнаны басқарсам, бірінші “жалаңаштарды” құртамын