Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Өтекешова, Қанат Ислам және Әсел Сәдуақасова мемлекеттік марапатқа ие болды

Актриса әрі кинопродюсер Әсел Сәдуақасова “Құрмет” орденімен марапатталды. Мемлекеттік награданы Әселге елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі табыстаған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бір сағат бұрын елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі маған Құрмет орденін табыстады. Бақытымда шек жоқ. Қымбатты достар, барлықтарыңызға алғысым шексіз. Маған және менің шығармашылығыма деген махаббаттарыңызға рахмет айтамын. Сіздерге бар жақсылықты тілеймін, жақсы көремін. Әрі қарай да сізді қуанта беремін”, – – деп бөлісті Әсел.

Сондай-ақ, Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова мен белгілі боксшы Қанат Ислам Елбасының қолынан марапат алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

“Қыз Жібек” фильмі арқылы көпшілікке танымал актриса Меруерт Өтекешова “Парасат” орденін, ал бокс әлемінде қазақ елінің атын танытып жүрген Қанат Ислам “Құрмет” орденін алды.

Ал “Астана Балет” театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер” атағына ие болды.

Жалпы, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел игіліне еңбек етіп жатқан азаматтардың үлкен бір тобы “Отан”,  III дәрежелі “Барыс”, “Парасат”, “Құрмет”, III дәрежелі “Еңбек даңқы”, II дәрежелі “Даңқ” ордені, II, III дәрежелі “Айбын” ордендері, “Ерлігі үшін” медалімен марапатталып, “Қазақстанның Еңбек Ері” атағын алды.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз: 

Мәди Рымбаев: Әли екеуміздің даусымыз ұқсайды, бірақ оған еліктемеймін

Баян Мақсатқызы Ақботаның “Гламур для дур” фильміндегі қаламақысын бермей қойған

Ақындар айтысы: «Алтын домбыраның» иесі анықталды

Әнші Адэми отбасылы еркекпен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Талқылау