Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2,2 миллиард теңге ұрлады делінген Назарбаевтың үшінші әйелінің бауыры Айдос Есполов ұсталды – БАҚ

Фото: Әлеуметтік желіден

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталғанын дереккөз мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Айдос Есполов екі күн бұрын Астанада ҰҚК жанындағы "антикор" қызметімен ұсталды. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов "Астана ЭКСПО-2017"-де парақорлық және 2,2 миллиард теңгені ұрлау ісі бойынша күдіктілер қатарында екені хабарланды", – делінген редакцияға жіберген дереккөзде.

Редакция Есполовқа телефон арқылы хабарласуға тырысқанымен, оның нөмірі өшірілген болып шықты.

Сонымен қатар редакция құқық қорғау органдарына аталған жағдай бойынша сұрау жолдады.

Айдос Есполов Әсел Құрманбаеваның – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелінің бауыры екені атап өтілді. Бұрынғы президенттің балдызы Еуразиялық технологиялық университеттің және "Alatau Asset Management Company" ЖШС-нің құрылтайшысы.


"ЭКСПО-2017" ісі: Сот Талғат Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты


230 миллиард жымқырған "Азия Авто" компаниясының экс-басшылары Балушкин мен Сағымбаев Қазақстанға қайтарылмайтын болды


Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи "ЭКСПО ісі" бойынша бұрын сотталған Талғат Ермегияевке жүктелген айыпты заңсыз деп санады. Бәпи депутаттық сауалында нақты пара алған "анықталмаған тұлға" Айдос Есполов екенін және оның қылмыстық істен шығуына сол кездегі премьер-министр Кәрім Мәсімов пен "Антикордың" экс-төрағасы Қайрат Қожамжаров ықпал еткенін атап көрсетті. Бәпи тергеу мен сот барысында пара берушінің кім екені анықталмағанын, психикалық науқас куәгердің жауапқа тартылмағанын, сондай-ақ ЭКСПО-ға бөлінген 565 млрд теңгенің бір бөлігінің офшорға аударылуын ескермеу фактілерін де сынға алды. Ол Бас прокуратурадан істі қайта қарауды, нағыз кінәлілерді жауапқа тартуды және бейкүналарды ақтауды сұрап отыр.

STAN.KZ
Сенбі, 22 Қараша, 2025 16:12