Асанәлі Әшімов 80 жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото)
Аңыз, абыз адам Асанәлі Әшімов өзінің сексен жасында 500 адамға дастархан жайды. Бұл туралы тойдың куәсі болған Stan.kz тілшісі хабарлайды.
Қонақтардың басында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тұр.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те аңыз актерді құттықтап келіпті.
Бірі Астанадан, бірі Алматының төрінен ат терлетіп келсе, еліміздің 14 облысынан мұнда 500 адам жиналған.
Театрдың барлық майталмандары осында жүр. Бірақ әншілер қауымын көре қоймадық. Тек Мәдина Сәдуақасова мен Мақпал Жүнісова ортаға шығып ән айтты.
Ал, Қайрат Нұртас анасымен келіп, әннен шашу шашып, тойдан ерте кетті.
Белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры Асылы Осман да өз құттықтауы мен сыйлығын ала келіпті. Ол Асанәлі Әшімовке асығы алшысынан түссін деп алтын асық пен Бағдат Әшімоваға қамзол кигізді.
Ал, Мақпал Жүнісова Болат Назарбаевтың аманатын арқалап келіпті. Болат Әбішұлының атынан Нұрғисаның бір әнін орындап берді.
Барлық келген қонақтардың кеудесінде «Асанәлі Әшімов 80 жас» деген медаль тағылған.
Жіберіп алмаңыз:
Ағылшынша мінсіз сөйлеген Мақпал Жүнісованың қызы жұртты таңдай қақтырды (видео)
Шетелдік тыңдармандары енді Димаштың қарындасы мен інісіне сыйлықтар жіберуде
Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті
Қытай арнасы Димашты түсіну үшін 5 қазақ баласын жұмысқа алған