Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім

Шоқан фильмін түсіріп жүргенде Сағиды әбден жүдетіп, науқас адамның басты белгісі — көзін қызарту керек болды.

Көзін қызартудың өзі оңайға түспеді. Үш мезгіл тағамын уақытынан кешіктірмей жеп жүрген баланы жүдетіп-жадату үшін бірнеше апта бойы қара су, қара нанға қамадым. Көзінің болаты қашып, әбден әлсірегенін көрген кісінің жаны ашитындай күйге жетті.

“Тым болмаса, аптасына бір рет тойып тамақ ішейінші”, — деп жалынатын болды. Безеріп алдым. Көнбеймін. Жақ жүні үрпиіп, жүдеуін жүдеді-ау, бірақ көзі қызармайды. Оны гримдеп қызарта алмайсың. Моншаның ыстық буына да қамаймын, тіпті ішін жүргізетін дәрі де беріп көрдім, бәрібір көзі қызармайды. Ақыры болмаған соң, таң атқанша сценарийдің сөзін пысықтатқан болып, түнгі сағат үшке дейін ұйқы бермей, таң бозынан қайтадан оятатын болдым. Өзім де жүдеп-жададым. Ақыры бір күні балам мұрттай ұшып, қатты ауырды. Ыстығы көтерілген кезде екі көзі қанталап шыға келіпті.

“Әке, өлтірсең де қозғалар шамам жоқ”, — деп, ұл жыламсырайды. Сол кезде қажетті эпизодтарды түсіріп үлгердік.

Баламның аз күн қиналып, денсаулығына тырнақтай болса да зиян келтіріп алсам да, ол “құрбандықсыз өнер болмайды” дейтін қағиданың бір көрінісі болар.

Тағы да оқыңыз:

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Шымкент жастары бүйрегін бейтаныс қызға берген жігітке ақша жинап берді

Талқылау