Асан Пердешов: «Сені ұмытамын» әнінің шығуына жүрегімді ауыртқан бір жағдай себеп болды
«Сені ұмытамын»әнінің шығуына жүрегімнен өтіп кеткен бір жағдай себеп болды. Ол кезде базарда арба сүйреп, нан тауып жүргенімде Ержан деген өзімнен 4-5 жас үлкен жігітпен таныстым”, дейді әнші.
Фото: juldizdar.kz
Оның анасы да осы базарда сауда жасайтын. Ержан мені кішіпейілдігімен бірден бауырлап алды. Домбыра тартып, ән айтқанда дауысы керемет еді. Көріп қалса елпелектей келіп құшақтай алғанда туған інісіндей сезінетінмін,-деп телефонмен әннің тарихын күрсіне бастаған әнші Асан Пердешов інім демін ішіне тартып сәл тұрды, деп жазады kazakh-tv.kz.
“Жеңгеміз Құралай да қонақжай, ажарына ақылы сай көрікті жан еді. Қысқасы, күллі Жетісай екеуінің жарасымдылығына таңданып жүрді. Шүпірлеген балапандарын ертіп Ержан мен Құралай қос аққудай салтанатымен той-томалақта үнемі қатар жүрді.
“Білмеймін араларынан не әзәзілдің өткенін?! Бір күні Ержанды іздеп аулына бардым. Менің келгеніме қуанған анасынан «жеңешем көрінбейді ғой?”,-деп ойымда ештеңе жоқ, сұрап едім анасы күмілжіп барып, «екеуі ажырасып кетті»,- деді.
Төбемнен жай түскендей болды.
“Ербол ана төргі бөлмеде жатыр. Сенен бір өтініш, «Жетісайда Құралайды көрдің бе?»,-деп сұраса, көрмедім,-деп жауап берші. Келіншегін іздеп аласұрып жүр. Жарай ма?,-деп апам уәдемді босағадан алып қалды.
Төрге озып, амандасып болмай жатып Ержан көзіме көзін тіктеп «Асанжан, Құралайды көрдің бе Жетісайда?»,-деп тесіле сұрады. Апама кеткен уәдем бар, өтірік айтуыма тура келді.
Кейін анықтап ағайындардан сұрассам отбасының арасына әзәзіл өсекпен кіріпті. Қарап отыра ма, аузы жеңіл ауылдың әйелдері Ержанның анасын азғырып, екеуін ажырастырып, соры қайнап қалған екен. Екі бала Құралайдың соңында кетіп, қос ұлы қара шаңырақта қалған.
Кейін Ержанға анасы көңілі түскен қызға құда түсіртіп, үйлендірді. Алайда Ержандай алпамса азаматтың оңашада Құралайды іздеп балаша жылағанын көріп, мен де қосыла жыладым.
«Құралайды қалай ұмытамын?! Ұмытуым керек бірақ……, анамның алдын кесіп өтпеген едім өмірі,- деп шарасыздықтан үйіне сыймай кететін.
Тағдыр-ай десеңізші, тілін кесер ме еді әлгі өсекші қатынның?! Жақсының артынан сөз жүгіртуге жаман әйел де жарап тұр ғой. Жүрегім ауырып жүрді.
Сөйтіп жүргенде тағдырдың тағы бір сойылы шаңырағы үңірейген үйге найзағай болып түсті. Ерболды көлік қағып кетіп, қайтыс болды. Күйіктен Құралай Жетісайда ішіп кетті. Көшеде тоз-тозы шығып жүрді. Мені көрген жерде Ержанды есіне алып егіле жылап, ізімнен қалмайтын. Базардағы жұрттың бәрі екеумізге қарайды. Содан кейін Құралайды көрсем сонадай жерден бой тасалайтын болдым. Алайда, сезім үшін серт байласқан екеудің шарасыздықтан ажырасуы жан әлемімді төңкеріп жіберді. Ән жазғым келді.
Жүрекке өткен қасірет пен махаббаттың қайтымы тез болды. Ән бір түнде шықты. Содан Алматыда жас ақын Бақдәулет Арыстанды іздестіріп, бір апта жүрдім. Тапқан кезде сөзін жазуға келісті де бір түннің ішінде сөзін қатар отырып жазып, қолыма берді. Аранжировкасы да келесі күні түнімен жазылып, «Сені ұмытамын» әні сөйтіп сахна төріне тартты.
Нұрлан Қазиұлы
Тағы да оқыңыз:
Бәйбіше төсектен шаршаған соң мені әперді: Тоқал күйеуіне жас қыз іздеп жүргенін айтты (видео)
Тұрсынбектің әйелінің елдегі қарызы жайлы айтатындай не болды: Журналист ұлттық арнаны сынға алды