Арзан сыйлықты менсінбей жылаған мұғалім жұмыстан қуылды
Краснодарда өзіне берілген сыйлықты менсінбеген ұстаз қызметінен қуылды.
Бұл туралы «Блокнот Краснодар» жазады.
Қалалық білім департаментінің басшысы Алексей Некрасовтың сөзінше, тексерістен кейін дерек расталған.
“Ондай тәртіп талапқа сай емес болғандықтан, педагог жұмыстан босатылды. Жақын уақытта қаладағы барлық мектептерде ата-аналар жиналысқа шақырылып, келесіде мұндай жағдайға жол бермеу туралы айтылады”, – деді ол.
Ата-аналардың айтуынша қазір сыныпқа басқа жетекші тағайындалған. Ал әлгі мұғалім болса өзі туралы ақпарат БАҚ-қа шығып кеткен соң, жұмыстан кетуге өтініш беріпті.
Дау ұстаздар күнінде шыққан. Бірінші сыныпты оқытатын 36 жастағы ұстаз ақша салынған конверт пен гүл букетін алудан бас тартқан. Мұғалім ақшаны санағаннан кейін жылап, оның аз екенін айтыпты.
Жіберіп алмаңыз:
Ангела Меркельдің «егізі» кино мен жарнамада канцлердің рөлін сомдап жүр (видео)
Ресейде кондуктор қазақ студентін кемсітіп, автобустан қуды (видео)
АҚШ ресейлік хакерлердің дауыс беру жүйесін бұзып кіргенін дәлелдеп берді
iPhone Лас-Вегастағы атыс кезінде әйелді өлімнен қорғап қалды (фото)