Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы студентке қырындап, пара сұрады деген шағымға жауап берді

Бүгін БАҚ-та Еңлік Сыдықова есімді бойжеткеннің ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын айыптап, оның Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ректоры болып қазмет еткенде, оған қырындағанын, оқуға түсуі үшін ақша сұрағанын мәлімдеген еді.

fd46f86ddbfcf98a0d7a478435d507e71274db1b

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлімдегендей, министр Еңлік Сыдықованың шағымын жала деп атады. Сондай-ақ министр өз құқын заң тұрғысында қорғайтынын айтты.

«Видеожазба жазған бойжеткенге алдын ала заңгермен ақылдасқаны дұрыс болар еді. Мен өз заңгерлерімнен мұның мән-жайын анықтап, заң жүзінде жауап беретін боламын», – деп есептейді министр.

Жексенбі күні, 9 қазанда, Youtube желісінде бойжеткеннің видеожазбасы жарияланды. Жазбада Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қырындағанын айтқан.  Ол академияда 2011-2015 жылдар аралығында «Музака театрының актрисасы» мамандығында оқығанын атап өтті. Ол ЖОО-на түспек болғанымен экзаменге кешігіп қалған.

Қыздың айтуынша, сол кезде ректор қызметін атқарған Мұхамедиұлы Сыдықовамен кездесу кезінде алдымен бұл мәселені 3 мың долларға шешуге болатынын айтқан. Кейін оның кіммен және қайда тұратынын сұраған.

Осыдан соң «Менімен бірге қонаққа барасың ба? Шарап ішіп, билеп, көңіл көтереміз» дегенді айтты», – дейді бойжеткен.

Жіберіп алмаңыз:

Алматылық бойжеткен руы Ұлы жүз болмағандықтан жігітпен кездесуден бас тартқан

СҚО-да саңырауқұлақтан уланған әйел мен оның үш қызы бірдей көз жұмды

Арқалықта екі бала су қайнатқыштың кесірінен көз жұмды

Қазақстандықтар несиелерін жабу үшін ағза мүшелерін сатып жатыр

Талқылау