Арыстанбек Мұхамедиұлы Головкин туралы фильм түсіруді ұсынды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC, IBF чемпионы Генадий Головкин туралы деректі фильм түсірілуі керектігін айтты. Министрдің сөзіне сенсек, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов қазақстандық боксшы Генадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді қолға алмақ.
Фото: instagram.com/gggboxing/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Күні кеше ғана мен Тимур Бекмамбетовпен кездестім. Біз Генадий Головкин туралы деректі фильм түсіруді қолға алмақпыз. Ол бірегей тұлға, нағыз чемпион. Әрі үнемі өзінің қазақстандық екенін мақтанып айтып жүреді”, – дейді Мұхамедиұлы “Время” басылымына берген сұхбатында.
Мұнымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында Superb Films Corporation британиялық компаниясының басшысы Кент Волвин Головкин туралы фильм түсіргісі келетінін айтқан болатын. “Мысалы, қазақстандық боксшылардың көшбасшысы Генадий Головкин туралы фильм түсіргіміз келеді.
Ол Рокки Бальбоаның жаңа прототипі болатын еді. Менің қазақстандық және америкалық серіктестерім Головкин мен Сильвестор Сталлоненің менеджерлерімен хабарласып, бірге жұмыс істеу мәселесін қарастырып жатыр”, – дейді Волвин Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында.
Қазақстандық боксшы Генадий Головкин кәсіби рингте 35 кездесу өткізіп, барлығында қарсыласын тізе бүктірген. Оның 32-сінде қарсыласын нокаутпен жеңген. Қазіргі таңда оны әлем орта салмақтағы ең мықты нокаутшы ретінде біледі.
Жіберіп алмаңыз:
Арыстанбек Мұхамедиұлынан енді әріптестері де теріс айнала бастады
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Менен қателік кетті
Мұхамедиұлы қырғыздар туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады