Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ары мазалаған қостанайлық жігіт 16 жылдан кейін полицияға өзі берілді

Қостанай облысында іздеуде жүрген қылмыскер, 16 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін өкініп, полицияға өзі келіп берілген.

maxresdefault-640x360

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Қылмыс 2000 жылдың сәуір айында Арқалық қаласында болған екен. Ар-ұяты мазалап, тәртіп сақшыларына өз аяғымен келген Герасимов сол күнгі қанды қылмыстың мән-жайын да өзі айтып берді.

Ол екі жолдасымен Арқалықтағы пәтерлердің біріне ұрлыққа түскен. Герасимовтың жолдасы пәтердегі жазықсыз үш адамға оқ жаудырып, 1,6 млн теңгені алып қашады. Осылайша, бір отбасы өз үйлерінде ажал құшқан. Оқиға орнынан із суытқан үш қылмыскер Қостанай қаласына келіп жасырынады.

“Араға бір-екі күн салып, қылмыскерлердің біреуі, өздеріне тән қасиетпен, Арқалыққа қайта оралады. Мақсаты — мән-жайды бақылау. Бірақ, ол сол жерде полиция құрығына түседі. Алайда, Герасимов пен оның екінші “әріптесін” қолға түсіре алмадық. Міне, 16 жыл іздеуде жүрген Герасимов та ұсталды, қазір ол тергеу изоляторында”, – дейді Қостанай облысы прокуратурасының басқарма бастығы Қайрат Жүсіпов.

Герасмиов бұған дейін Ресейдің Тверь облысында тұрған. Ол жақта тегін өзгертіп тіпті, отбасын да құрып үлгерген. Дегенмен, қайта оралып, кінәсін мойындауды жөн санапты. Арқалық қалалық сотының үкімімен Александр Герасимов Қылмыстық кодекстің 192 бабы 3-тармақтың екінші бөліміне сәйкес айыпталып отыр.

Олар дүние-мүлкінен тәркіленіп, 8 жыл бойы жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтейтін болады. Ал, адамдарға оқ атқан басты қылмыскер әлі іздеуде жүр.

Талқылау