Аружан Жазылбекова Мәскеуге чемодан толы шай алып барған
Актриса әрі сәнбике Аружан Жазылбекова осыған дейін Аэрофлот пен Эйр Астана компанияларының арасындағы түсініспеушілікке бола әбден жүйкесі жұқарып, Ресейге жете алмай жатқанын айтқан болатын. Енді бойжеткен аталған елге Қазақстаннан бір чемодан шай ала барғанын айтып жатыр.
Фото: instagram.com/arujazz/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әдетте түрлі сувенир мен қазақстандық шоколад алып баруды жөн көретін актриса осы жолғы әрекетін түсіндірді. “Біз, қазақ елі әрдайым өзіміздің қонақжайлығымызды көрсетуге тырысамыз. Тіпті, бір жерге қонаққа барсақ та. Мәскеулік әріптестеріме не алып баратынымды ұзақ ойландым. Қазақстандық шоколад әбден мезі етті, сувенирлерді ұнатпаймын, мұнайды қалтам көтермейді. Достарым Ресейде шайды ерекше бағалайтынын айтты. Қысқасы, Мәскеуге бір чемодан шай алып бардым” дейді Аружан Жазылбекова.
Желі қолданушыларының бірі мұның жәй ғана жарнама екенін айтса, енді бірі мұндай шай туралы алғаш рет естіп жатқанын жеткізуде.
Қазақстандық актриса дәл қазір Мәскеу қаласында саяхаттап жүр.
Естеріңізге сала кетсек, Аружаз Жазылбекованың қымбат киім жарнамасына түскені туралы хабарлаған болатынбыз.