Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артық салмақтың әйелдерге қарағанда ерлерге үш есе қауіпті екені анықталды

Артық салмақтан зардап шегетін ерлердің әйелдерге қарағанда мерзімінен бұрын дүниеден өту қаупі үш есе жоғары.

20160714115321

Түрлі елдердің бір топ ғалымы әлем бойынша 189 зерттеу мәліметтерін жиды. Оған шамамен 4 млн адам қатысты.

Lancet медициналық журналында жарияланған тоқтамдарға сәйкес, Еуропа мен Солтүстік Америкада мерзімінен бұрын өлімнің негізгі себептерінің тізімінде темекі шегуден кейінгі екінші орында семіздік тұр.

“Еуропада мерзімінен бұрын өлімнің әрбір жетінші және Солтүстік Америкадағы мерзімінен бұрын болған өлімнің әрбір бесінші жағдайы артық салмақ және семіздікпен байланысты”, – деді зерттеушілердің бірі профессор Ричард Пето.

Артық салмақтан зардап шегетіндер өзгелерге қарағанда үш жыл ерте ажал құшады. Кей жағдайларда өмірі 10 жылға қысқаруы мүмкін.

Жер тұрғындарының шамамен 30%-ы артық салмақ немесе семіздіктен зардап шегеді. Бұл 2,1 млрд-қа жуық адам.

Жіберіп алмаңыз:

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

Жаңа Зеландиялық ару сымбатты көріну үшін 92 келі салмақ тастады (фото)

Талқылау