Артур Төлеповке достары тегін бейнебаян түсіріп берді
Артур Төлепов әдетті сүйіктісін өмірде емес, бейнебаянда жүріп іздейді. Әнші осы жолмен басының да, жүрегінің де бос екенін айтқысы келіпті. Ол соңғы рет тыңдармандарына ұсынған «Асықтым» атты бейнебаянының қалай түсірілгенін баяндап берді. Достарының арқасында шығын шықпаған екен.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
«Жасым қазір жиырма алтыда. Өзімді кәрілер санатына қоспаймын. Соңғысы – өзімнің сүйіктімді табуға асығып жүргенімді білдіру мақсатында жазылған ән. Бейнебаянда жас жігіт өзінің достарымен бірге барға келеді. Сол жерде бір қызды көріп, оған арнап ән айтады. Асығыстық танытып, бірден танысқысы келеді. Ал ол қыз мені байқамай тұрады. Құрбысы «Ана жерде саған арнап бір жігіт ән салып жатқан сияқты» деп айтады. Кішігірім осындай ғана сюжет бар», – дейді Артур Төлепов.
Осы уақытқа дейін әншінің бейнебаяндарын продюсері Жанна Әбуова түсіріп беретін. Яғни әнші жұмсалатын қомақты қаражат үшін алаңдамайтын. Бұл жолы әнші біраз қиналған екен. Себебі, ол продюсердің көмегіне жүгіну мүмкіндігінен айырылған. Десе де, қалталы достарының арқасында еш шығын шықпағанын айтады.
«Мен баймын. Қалай дейсіздер ме? Достарға баймын. Жалпы соңғы бейнебаянымды достарымның арқасында түсірдім. Олар – Ерлан мен Тәуекел және т.б. жігіттер. Әдетте «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп айтып жатады. Жігіттермен бірге отырған кезде «Бейнебаян түсіруім керек еді» деп айтып қалдым. Олар бірауыз сөзімді жерге қалдырмай, бейнебаянды тегін түсіруге көмектесті», – дейді әнші.
Достардың арқасында түсірілген бейнебаянның тұсаукесері де шығынсыз өткен. Өйткені шоу-бизнестің жас әншілері мен актерлері бұл шығынды өз мойындарына алған.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртасқа еліктеген Жігер Ауыпбаев әкесінен жұлдыз жасамақ
Қыдырәлі Болманов Астана әкімінен мадақ сөз естігенін айтып мақтанды
Артур Төлепов: Ешкім Димаштың қанын сорып, қытайдың қанын құйып қоя алмайды
Жеңіс Ысқақова: Димаш – бәйгеден келген тұлпар, Қайрат – халықтың сүйіктісі