Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Артқа қадам жасау": Америкалық файтер Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасудан бас тартты

Америкалық файтер Белал Мұхаммед Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасудан бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шавкат

Спортшы бұл туралы MMA Talk YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

applewin

"Бұл туралы менің көзқарасым мынандай: рейтингте менің алдымда тұрған Усман. Ал Дана Уайт айтқан Рахмоновпен жекпе-жек артқа қадам жасаумен тең. Мен жеңілмеген спортшыны жеңдім, ал Рахмоновта мұндай атақ жоқ. Сондықтан мен Камару Усманмен немесе Масвидальді жеңсе, Глиберт Бернспен жұдырықтасқым келеді", – деді ол. 

Белал Мұхаммед өзін титулдық жекпе-жектерден басқалары қызықтырмайтынын атап өтті. Сондықтан келесі қарсыласы танымал әрі рейтингте жоғары тұрған спортшы болса дейді.

Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақ файтерінің келесі қарсыласы америкалық Белал Мұхаммед болатынын мәлімдеген еді. Қазір америкалық файтер жартылай орта салмақ рейтингінде 4-орында тұр, ал Рахмонов 6-орында. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023 09:25
Талқылау