"Артында басқа күштер бар": Депутат Ермұрат Бапи әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өткізген митингке қатысты пікір білдірді
Видеодан скрин
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Астанадағы әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өткізген митингке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттың пікірінше, ереуілді билікке қарсы сыртқы немесе ішкі күштер ұйымдастыруы мүмкін.
“Оларды ана жерге кім алып келді, үстеріне қызыл әріппен жазуды кім жазды, аналар өздері істеген жоқ. Яғни артында ұйымдастырған бір күштер бар. Иә, проблемалар бар, баласының өлгені, оның мәйітін мырыш табытпен алу, әрине трагедия. Көңіл айтамын, өзім де әскерде қызмет еткенмін”, – дейді Ермұрат Бапи.
Депутаттың пікірінше, қазір Қазақстан әскерінде әлімжеттік атымен жоқ.
“Біздің әскерде әлімжеттік жоқ. Қазір әрбір рота, бөлімше, әрбір батальон шақырту бойынша жасақталады. Оның ішінде біреу бір жыл бұрын, біреуі жарты жыл бұрын келген деген тәртіп жоқ. Бірақ ер адамдар жүрген жерде кикілжіңдер болады ғой. Сол сияқты жағдайлар болады. Қоғамда әскерге қатысты мәселе бар. Бірақ мұны елдің қорғаныс қабілетін жоятын тенденцияға айналдырмауымыз қажет”, – деді депутат.
Депутат мұндай акциялар кезінде елдің қорғаныс қабілетіне зиян келтіруі мүмкін ұрандар мен әрекеттерді қолдануға болмайтынын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Астана әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шыққаны туралы жазған едік. Артынша президент бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастыруға тапсырма берді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық