"Артында 4 ұл мен 1 қызы қалды": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы эфирде марқұм жолдасын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"КешREC" бағдарламасында марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаев пен балалары жайлы естеліктерін бөлісті.
"Қайраттың кезінде өзі салған балабақша мен мектептер әлі де жұмыс істеп тұр. Ол жердің қызметкерлері әлі күнге дейін алғысын білдіріп жатады. Сол жандардан балаларым да бата алса екен деймін. Ұлдарым әкесінің жолын қуып, елге сыйлы азамат болса екен. Қазір Қайраттың артында қалған 4 ұл мен 1 қызы бар. Ол енді балаларымның қызығын көремін дегенде өмірден өтті. Кейде балаларының бойынан, әсіресе кенже ұлымнан, әкесіне ұқсастықтарды байқаймын", – деді Сұлтанқызы.
-
"Көңіліме қаяу түскелі – 2 жыл": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алды
-
"555 күн өтті...": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
Сондай-ақ, тележүргізуші балалардың да әкелерін сағынып жүргенін жасырмады. Өзі де жолдасы туралы айтуды доғарған.
"Жақында кенже ұлыммен бір жағдай болды. Бір күні кешке бөлмесіне кірсем, менен бұрылып, тығыла берді. Сұрақтарыма дұрыс жауап бермей, өзін алдаусыратқандай болды. Көзі жасқа толып тұр. Сөйтсем, әкесінің фото-видеоларын көріп, сағынған екен. Бұрын мұндай сезімін білдірмейтін. Одан кейін өзім де жаңа жылдан кейін Қайрат туралы көп айтпауға уәде берген едім. Өйткені менен де қиын жағдайда жүрген жандар көп. Мен жалғыз жесір емеспін ғой. Елдің көңіліне қарап, оларды сыйлағандықтан көп айтқым келмейді. Бірақ бір ғана нәрсе айтам, ер азамат болса, Қайраттай болсын!", – деді журналист.
Еске салайық, "Қара жаулықты шешетін уақыт жетті" деп Ләйлә Сұлтанқызының анасы қызына ақ жаулық таққан еді.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
