Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артық салмағы бар ер адамдар әйелдерге арықтарға қарағанда тартымдырақ көрінеді – Зерттеу

еркек артық салмақ

Фото: pixabay.com

Қытайлық ғалымдар әйелдерге қандай дене бітімдегі ер адамдар көбірек ұнайтынын зерттеп, күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Қытай ғылым академиясы жүргізген зерттеу ер адамдарда артық салмақтың болуы олардың тартымдылығына жағымды әсер етуі мүмкін екенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеу барысында Қытай, Ұлыбритания және Литва елдерінен қатысқан әйелдерге 15 түрлі ер адамның қара-ақ түсті фотосуреттері ұсынылған. Барлық фотосуреттерде ерлердің бет-бейнесі анық көрінбейтіндей етіп өңделген. Ер адамдардың дене салмағының индексі (ДСИ) 20,1-ден 33,7-ге дейінгі аралықта болған (норма — 18,5–24,9). Респондент әйелдер әр фотоны тартымдылық шкаласы бойынша 1-ден 9-ға дейінгі баллмен бағалаған.

Нәтижесінде:

– Қытайлық әйелдер ең жоғары бағаны ДСИ 23,4 көрсеткіші бар ерлерге берген;

– Литвалық әйелдерге ДСИ 23 ұнаған;

– Ал британдық әйелдер ДСИ 26,6 көрсеткішіндегі ерлерді тартымды санаған.

Ғалымдар мұның негізінде мынадай қорытынды жасады: әйелдердің көпшілігі қалыпты салмақ шегіне жақын немесе сәл асқан ерлерді тартымды деп қабылдайды. Яғни, ағылшын тілінде dad body деп аталатын, яғни "әкелік дене бітімі" — сәл артық салмақты, бірақ бұлшық етке аса мән бермейтін қалыпты дене — әйелдер үшін жиі тартымдырақ көрінеді.

Бұл зерттеу сұлулықтың әмбебап стандарты жоқ екенін және тартымдылық ұғымының әр қоғамда әртүрлі қабылданатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 07 Шілде, 2025 14:55
Талқылау