Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арт жағымда біреу "күліңіз" деді": Алуа Қонарова 19 жылда алғаш рет марапатталды

Белгілі продюсер Алуа Қонарова жиырмаға жуық жыл ішінде алғаш рет марапат алды. «Шоу-бизнес» саласына сіңірген еңбегі үшін номинациясы бойынша «Жыл таңдауы-2019» кешінде марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

алуа қонароваСурет: Stan.kz/Қарлыға Бүйенбай

«Сахнаның артында тұрған кезімде маған әртістердің бірін марапаттайсыз, деді. Сол жерде қай әртісті құттықтайтынымды білуге тырысып бақтым. Ешкім айтпаған соң, біраз қобалжыдым. Сахнаға шығып, кімді құттықтайтыныңды білмеген кезде аздап көңіл-күйің түсетіні сөзсіз. Кенет арт жағымнан біреу «Күліңіз» деді. Күлімсіреп, не болып жатқанын түсінбей келемін. Қолыма мүсіншені бергеннің өзінде кімді марапаттайтынымды іздеп қоямын», - дейді Алуа Қонарова. 

Әрі қарай ол дәл осы сәт 5 жыл бұрын болғанда балаша мәз болып, төбесі көкке жеткенше секіретінін жасырмады. Яғни бүгінде өзін осы сыйға әбден лайық көреді. 

«Шоу-бизнесте жүргеніме көп уақыт болды. Біраз өнерпазды тәрбиеледім. «Жыл таңдауы» - менің еңбегімді алғаш бағалағандар. Оларға алғыс айтамын», - деді продюсер. 

Сондай-ақ, ол әлі күнге дейін өзін артқа қойып, алдыда тек әртістері жүргенін қалайтынын жасырмады.  

Естеріңізге сала кетсек, "Жыл таңдауы-2019" кешінде сүйіктісі әнші Балжан Бидашқа ұсыныс жасаған еді

Талқылау