Арменияда наразылық білдірушілер Иранға апаратын тас жолды жауып тастады
Арменияда Әзірбайжанмен шекараны келіссөз арқылы шегендеуге қарсылық білдірушілер Иранға апаратын тас жолды жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 168.AM басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр
Желіде жарияланған кадрлардан биліктің әрекетіне наразы Армения тұрғындары тракторлармен жолды жауып жатқанын байқауға болады. Ереваннан шамамен 130 шақырым жердегі Ехегнадзор қаласындағы жол жабылды.
19 сәуірде Армения Тавуш аймағындағы екі ауылды Әзірбайжанға бергені белгілі болды. Бұл туралы ақпарат республика премьер-министрі Никол Пашинянның кеңсесінде расталды. Бұл хабарлар облыс тұрғындарының наразылығын тудырды.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Армения мен Әзірбайжан арасындағы барлық даулы мәселелер бейбіт жолмен шешілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Әзірбайжан мен Армения арасында атыс болғанын хабарлаған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"