Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения Еуроодаққа кіру процесін бастау туралы заң жобасын мақұлдады

Армения парламенті республиканың Еуроодаққа кіру процесін бастау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Парламент спикері Ален Симонянның мәлімдеуінше, заң жобасын қабылдау үшін 63 депутат дауыс беріп, шешім мақұлданған.

Айта кетейік, 9 қаңтарда Армения үкіметі елдің ЕО-ға кіру процесін бастау туралы шешім жобасын мақұлдаған болатын. Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл қадам елдің тікелей Еуроодаққа мүшелігін білдірмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе тек референдум арқылы шешілуі мүмкін.

Ресей вице-премьері Алексей Оверчук Арменияда ЕО-ға кіру туралы заң жобасының талқылануын елдің Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) шығу үдерісінің басталуы деп бағалады. Оның пікірінше, Еуроодаққа мүше болу мен ЕАЭО құрамында қалу бір-біріне сәйкес келмейді.

Еске салсақ, осыған дейін Армения премьер-министрі Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартқаны туралы жазған едік.

Талқылау