"Арманым орындалды": Серік Ибрагимов әкесіне көлік мінгізді
Танымал әнші Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иесі отбасымен бірге көлік салонына барып, видео жариялады.
“Достар, бүгін әкемізді қуантамыз. Арманым орындалады. Отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз ақылдасып, әкемізге көлік сыйлаймыз. Баланың міндеті – ата-ананы қуанту емес пе?! Бәріңізге жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші.
-
"Бұл – мемлекеттің ойыны": Серік Ибрагимов Талғар оқиғасына қатысты пікір білдірді
-
"Өзім дайындадым": Желіге Серік Ибрагимов пен Елдос Сметовтың белдескен видеосы тарады
Желі қолданушылары ақжарма тілектерін жаударып жатыр.
“Құтты болсын!”, “Әкемізге көлік сыйлайтын күн бізге де тусын”, “Досым, көп адамға үлгісің”, “Баршамызға ата-аналарымызға көп жақсылық жасап, разылығына бөленуді нәсіп етсін”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Серік Ибрагимов әйелі мен өзіне алған қос көлікті көрсеткен еді.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?