Арман Оспанов Асу Алмабаевқа чемпиондық белбеуге жету үшін қандай қағиданы ұстану керегін айтты
Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Оспанов UFC-дегі екінші жекпе-жегін өткізетін Асу Алмабаевтың чемпиондыққа жету мүмкіндігі мол екенін айтты. Бұл туралы спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігіне мәлімдеді.

“Сұңқар” лақап атымен танылған спортшы Асу Алмабаевтың босаңсымай, қатаң тәртіппен жаттықса, жақсы жетістіктерімен қуантатынына сенімді.
“Асу Алмабаев қазір жақсы келе жатыр. Ешнәрсеге алаңдамай, дәл осы қарқынмен жаттығуын тоқтатпаса, ұзаққа барады. Қазақта той-томалақ көп қой, сондай нәрседен аулақ болып, көп қызық қуып кетпеу керек. Өз басымнан өткендіктен айтып жатырмын. Барлық назарды тек жаттығуға қойып, темірдей тәртіпті ұстану керек. Сөзсіз, бұл қағида өз жемісін беретіні анық” – деді жауынгерлік самбодан үш дүркін әлем чемпионы.
Айта кетейік, Асу Алмабаев 10 наурыз жылдың ең үздік турнирі саналатын UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараға (12-4-1) қарсы жұдырықтасады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

