Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Қоңыр: Түн ортасында қызымның жөргегін ауыстырып, әйеліме көмектесемін

Арман мен Аша. “Бүгінгі күннің Қозысы мен Баяны қазір өнерден алыстап, бизнеске бет бұрыпты. Тіпті, жуырда мүлдем сахнамен қоштаспақ”. Осындай сыбыстар ел ішінде өріп жүр. Ақ-қарасын анықтау үшін Stan.kz тілшісі Арманмен сұхбаттасқан еді.

17883145_652762871577187_5396845231712763904_n

 – Арман, отбасылық дуэттеріңіз тоқтап қалған сияқты. Хит жоқ па әлде хит іздеуге уақыт жоқ па?

– Ол рас. Шығармашылығымыз біраз тоқырап қалды. Өйткені, өмірге қызымыз келген соң Аша біраз уақыт үйде отырды. Қазір отандық арналардың бірінде тележүргізуші болып жүр. Мен де құр жүрген жоқпын. Өнер – хобби. Ал, болашағымыздың жарқын əрі айқын болуы үшін тұрақты бизнес керек. Қазір осы салаға көбірек көңіл бөлудемін.

– Яғни, тыңдарман жақында жаңа əн ести алмайды ғой?

– Жоқ, олай емес. Керісінше, қызымыз енді тоғыз айға толып, Аша да жұмысқа білек түріп кірісе бастады. Мен де жаңа əндер іздеп, студия шарлап жүрмін. Біздің махаббатымыздың адалдығын, өміріміздің позитивті сəттерін көрерменге жеткізетін əн болса, міндетті түрде жазамыз.

– Отбасылық дуэт ретінде қалаларды, ауыл-аймақты аралап кеш беру жоспарда жоқ па?

– Бар. Репертуарымызды толықтырып алған соң айына кемінде екі өңірде өзіміздің жеке кешімізді берсек деген ниет бар. Бірақ, Ашаның жеке əнші ретінде шығармашылығын жалғастыруға қазір аса қызығушылығы да, уақыты да жоқ. Есесіне, мен жеке əнші ретінде танылсам деймін. Болашақта жазсам деген оймен жаңа əн дайындап қойдым. Əзірге сөздері дайын емес. Күтудемін.

– Яғни, енді Mysterions тобы дуэт болып қала ма?

– Жоқ, мүлдем олай емес. Мен отбасылық дуэт болып та, трио болып та жұмыс істеймін. Ал, бұл жеке дауыстағы əнді өзім үшін жазып көрмекпін. Халықтың қалай қабылдайтыны маған өте қызық. Әрі бұл да бір тəжірибе болмақ.

– Өзіңіздің де аздап əн шығарып қоятын өнеріңіз бар екенін білеміз. Сазгерлік жұмыс қалай жүріп жатыр?

– Өзімді сазгермін деп семіз айтқым келмейді. Кейде шабыт келіп, əуен шығаратыным бар. Болашақта қызым Асылымға арнап əн жазсам деймін. Əзірге ой ғана. Егер іске асса, бірінші болып сіздің сайттан оқып біле алады.

11420910_341892262841659_1619865225131982848_n

– Сөз соңында, өзіңізге əке ретінде қандай баға берер едіңіз?

– Оны менен емес, Ашадан сұрау керек шығар. Қолымнан келгенше жақсы əке болуға тырысып жүрмін. Менің ұғымымда əке тек материалдық жағдайға ғана жауапты емес. Сондықтан, кейде түнде оянып, жылап жатқан қызымды жұбатуға, жөргегін ауыстырып, əйеліме моральдік тұрғыдан көмектесуге тырысамын, ол үшін ұялмаймын.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Есентаевтың қарындасы: Баян ағама “сенен басқа ешкімді сүйгем жоқ” деп айтатын (фото)

Мәдина Сәдуақасова өзі ғашық болған спортшы жігіт туралы айтты

Абай Бегей марқұм жұбайынан айырылып қалған соң көрген қиыншылығы жайлы айтты

Ерке Есмахан сыңсу айтып, қыз ұзата бастады (видео)

Талқылау