Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман әлде Аша: Асылым кімге ұқсайды?

Бірнеше күн бұрын Арман Қоңырбаев пен Аша Матай тұңғыштары Асылымды алғаш рет ел алдына алып шықты. Жұлдызды жұп 1 жасқа толған қыздарының тұсауын кестіріп, дүркіретіп той жасаған еді, деп хабарлайды Stan.kz.

Арман мен Ашаға қызыға қарайтын фанаттар армиясы Асылымды көріп, көзайым болғандарын жасырмады. Алайда жанкүйерлерді таласқа түсірген ендігі сұрақ басқада. Асылым кімге ұқсайды?

Той суреттері пайда болысымен-ақ жұрт осы сұрақ төңірегінде пікір алмасты. Көпшілік Асылымның әкесінен аумай қалғанын атап өтті. Желідегілердің пікірінше, Асылымның көз жанары ғана анасы Ашаға ұқсаған. Алайда күні кеше инста-парақшалардың бірінде пайда болған мына сурет елдің пікірін өзгертті. Мұнда Арман мен Ашаның сәби кездегі суреттері бейнеленген. Орталарында Асылым бар.

Сонымен инста-оқырмандардың көпшілігі Асылымның анасына ұқсаған сұлу қыз болатынын атап өткен. Ал сіз қалай ойлайсыз?

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайберген ұнатқан қызы үшін қатарластарымен төбелескен

Дінге бет бұрған әншілер «ән айту – харам» деген пікірге қатысты жауап берді

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Қазақстандық модель Қорлан Мәди италиялық азаматқа тұрмысқа шықпақ

Талқылау