Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әркімге мазақ болғанша, сотталғаным артық": Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі мәлімдеме жасады

Фото: Видеодан скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев тағы да ел алдына шығып, жеке өміріндегі жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі бұрынғы әйелінің арыз жазғанынан хабардар екенін айтты.

“Маған осы уақытқа дейін қаншама адамнан қоңырау түсті. Әрқайсына жеке-жеке жауап беріп жатпайын деп Нұрсейіт Жылқышыбай бауырыма сұхбат берейін деп шештім. Ал сол уақытқа дейін менің қандай күйде болғанымды өзімнен басқа ешкім білмейді. Мен сол уақыт арасында өзіме қол жұмсауға дейін бардым. Көшеге шығудан қалдым. Мен олай әр адамға мазақ болғанымша сотталып кеткенім артық. Менің үстімнен қандай арыз-шағым түсірсе де өз шындығымды айтамын. Шындық детекторына да отыруға дайынмын", – деді актер.



Айта кетейік, Дариға Бадықованың заңды өкілі, құқық қорғаушы Айгүл Орынбек актердің үстінен арыз жазатынын ескерткен еді. Өйткені актер жұбайымен бала асырап алғанын жайып салған еді.

“Баланы асырап алу – отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады. Бұл құпияны жария ету – ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) және 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша жауапкершілікке әкеледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Отбасылық құпияны бұзу – жай ғана әдепсіздік емес, нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет", – деді заңгер.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 08 Қазан, 2025 17:02
Талқылау