Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқамнан қамшымен ұрды": Кенжебек Жанәбілов ауыр дертке шалдыққанын айтты

Музарттық Кенжебек Жанәбілов қатты сырқаттанып, дертіне дауа таппай қиналған кезін еске алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап. 

©instagram.com/kenzhebekmuzart

Өнер иесі 12-13 жасында сырқатқа шалдығып, ауыр дерттен қалай аман қалғанын баяндап берді.

“Бірде анамды қонаққа шақырып, мен бірге еріп бардым. Қонақтан келе сала ауырып қалдым. 1994 жылдардың кезі. Адамдарың үстіне жара қаптап кетті. Сөйтіп үйдегілер аурудан жазылып, менің денемде жаралар қалып қойды. Басымнан аяғымның ұшына дейін жара шықты. Оң жағыммен жатамын, сол қолыммен тамақ ішемін. Оң қолым мүлдем істемей қалды. Сонда анам: “Кенже балам мене бұрын кетіп қала ма?” деп жылағаны есімде. Ол кезде медицинаның дамымаған кезі. Көз жара екенін кейіннен білдік. Сөйтіп үйдің жанында Бекен деген бес уақыт намазын оқып, қолынан тасбих тастамайтын ер адам болатын. Ауруымнан жазылуыма сол кісі себепші болды”, – дейді әнші.

Кенжебек бала кездегі сырқаты жайлы еш жерде ашылып айтпаған. Көршісің өзін қалай емдегені де оның әлі күнге дейін көз алдында.

“Ол кезде 7 сынып оқимын, шамамен 12-13 жас. Күні бойы төсекте жатасың, көрпе мен жастық жараға жабысып қалады. Қатты қиналдым. Бекен марқұм екі жарым сағат мені оқыды. Алдында отырып кәдімгідей дірілдедім. Арқамнан қамшымен ұрды. Жатқызып қолын маңдайыма қойғанда ыстығы аяғыма дейін келеді. Сөйтіп денемді маймен сылап, жатып қалдым. Таңертең тұрсам денемдегі жаралар түсіп қалыпты. Сол жараны жеті ай сабақтан қалып, емдей алмап едім”, – деді ол балалық шағын еске алып. 

Талқылау