Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арқалық тұрғынының бетіндегі кішкентай жара уақыт өте үлкен ісікке айналған (фото)

Арқалық тұрғынының бірнеше жыл бұрын бетіне адам шошырлық жара шыққан. Бастапқыда білінбейтін жара асқынып үлкен ісікке айналған.

s6ux3lYm_44

54 жастағы Александр Васильевтің жарақаты туралы қызы хабарлады. Ол мұндай жарақатпен өмір сүрудің өте қиын екенін айтады. Александр Васильев 7 жылдан бері осы дертпен күресіп келеді, деп хабарлайды Костанайские новости.

Әкесінің басы да жиі ауырады. Бір көзі тіпті көрмейді.

xgF6qiKs_N8

«Жақында Арқалыққа дәрігер-онколог келді. Ол әкеме әсері қатты “Трамадол” дәрісін жазып берді. Оны тегін аламыз. Өзге дәрілерді сатып аламыз. Анам жұмыс істемейді. Осындай жағдайда әкем жәремақы ала ала ма?», – дейді Ирина.

5854e15d2f9b9a1db3ebd2dec79ddfa4

Арқалықтың аймақтық емханасында жәрдемақы ала алмайтындарын, мұның онкологиялық ауру екеніне дәлел жоғын айтқан.

Кейіннен науқасқа облыстық онкодиспансерге барып, екінші рет биопсияан өтуі керектігін айтыпты. Әкесіне бірінші қаралғанында диагноз қойылмаған.

 

Талқылау