Арыстағы әскери базаға әлдекімдер заңсыз кіріп, металл ұрламақ болған

Фото: Freepik.com
19 қыркүйекте әлдекімдер Арыс қаласындағы әскери базаға рұқсатсыз кірмек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент гарнизонының мәліметінше, тыйым салынған аймаққа жақындамақ болған белгісіз адамдар тобын күзетші байқаған. Ол тиісті процедураларды орындап, қаскүнемдерді тоқтатқан. Қазір ұсталғандардың жеке басы мен олардың әрекетінің себептері анықталып жатыр.
"Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша соңғы қорытынды шығарылады", – делінген хабарламада.
Алдын ала болжам бойынша, қылмыскерлер түсті металдарды ұрлауға әрекеттенген болуы мүмкін.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"