Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыс қаласында жарылыстан екі адам көз жұмды

Премьер-министр Асқар Мамин Арыс қаласында қаза тапқандар туралы хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арыс қаласында жарылыстан екі адам көз жұмды

"Мемлекет басшысы Арыс қаласында болды. Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмалар берді. Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Өкінішке қарай, бір азамат, бір әскери қызметкер қаза болды. Туыстарына және достарына көңіл айтамын. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйге, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне келтірілген залал бағаланып, оңалту және құрылыс жұмыстарына қажетті қаражат бөлінетін болады. Үкімет кез келген көмек көрсетеді. Біз Арысты қысқа мерзімде қалпына келтіреміз. Мен ақша жинау жөнінде "Нұр Отан" партиясынан үлгі алуды ұсынар едім", - деді премьер-министр үкімет отырысында.

"Төтенше жағдай салдарынан 2 адам қайтыс болды. Жарылысқа қатысты "Басқаларға қауіп төндіретін заттарды, қару-жарақты қолдану ережесін бұзу" (ҚК-нің 462-бабы) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Бұған дейін Тоқаев Арыстағы жарылысқа қатысты: Егер кінәлілер болса, қатаң түрде жазасын алатынын мәлімдеді.

Талқылау