Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Әріптестеріңіз де ойнайды": ҰҚК академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсамас бұрын депутатқа хат жазған

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкіліне лудоманияға қатысты сұрақ қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат өліміне құмар ойын себеп болған Ұлттық қауіпсіздік комитеті академия курсантының өлімі туралы айта кетті. 

"Сіз бір-ақ жағдай болды деп айтып жатырсыз. Өкінішке қарай, жағдай мүлдем басқаша. Марқұм жігіт екі күн бұрын маған анонимді түрде хат жазды. Сіздерде бұл біржолғы жағдай емес. Бүкіл курс, бүкіл жоғары курс ойнайды (ставка қояды – автор). Сіздің әріптестеріңіз де ойнайды. Сондықтан сіздер мәселеге тек кішігірім есеп жасап қана қоймай, ауқымды жұмыс істесеңіздер дұрыс болады. Өйткені әскери орындарда бұл – үлкен проблема", – деді ол.

Берденов өзіне осы жайлы хаттар келіп түсетінін айтты.

"Мен күнде әртүрлі хат алып тұрамын. Депутаттар бұл мәселені қолға алып, (адамдармен) жеке кездесіп жатырмыз. Сіздерде де бұл күрделі проблема", - деді ол.

Өз кезегінде ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев бұл бойынша шешім қабылдайтынын айтты.

"Бәрін түсініп, біліп отырмыз. Қолдан келген істің бәрін істейміз. Проблеманы білеміз. Жауапты шешімді қабылдаймыз", – деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін ҰҚК төрағасының орынбасары академия курсантының өліміне құмар ойын себеп болғанын мойындады.

"Құмар ойынының салдары (академияды) бізде де байқалып отыр. Бұл –  Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының тарихындағы жалғыз жағдай. Ең бастысы, адамның құмар ойындарға бет бұра бастағанын бастапқыда анықтау керек. Осы бағытта тиісті іс-шаралар жүзеге асырылады", – деді ҰҚК өкілі Марат Қалқабаев.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 15 Мамыр, 2023 14:11
Талқылау