Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері жұбайынан актриса жасаған Қайратты сынап тастады

«Арман» фильмі жарық көрген күннен бастап, Жұлдыз Әбдікәрімованың өмірі күрт өзгерген. Қайрат Нұртастың аяулы жары, осылайшы бір сәтте танымал тұлғаға айналып шыға келді. Тіпті, шоу-бизнес өкілдері, жұлдызы жаңадан жанған ару жайлы қызу талқылау үстінде. Өнер өкілдерінің пікірі қандай?

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Менің естуімше Қайрат, Атырауда ма, батыс жақта бір қалада концерт бермекші екен. Сол жақта Жұлдыз, жалпы келіншегі кештің жүргізушісі ретінде барады екен. Менің ойымша, Гүлзира әпке Қайраттың анасы, ол кісі жақсы бағыт алды баяғыда. Сол бағытпен әдемі келе жатыр”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Қап Қарашка осылайша, Жұлдыздың әп-сәтте танымал болуы, Гүлзира Айдарбекованың ұтымды шешімінің нәтижесі дейді. Әріптесінің сөзіне, «Жігіттер» тобының әншісі Ердос та қосылады.

“Қайраттың жұбайының, Жұлдыздың өте талантты екенін, мен осы күнге дейін білмеген екенмін. Мына киносын қарап шықтым бастан-аяқ, өте талантты. Кәдімгідей өзінің рөлін ашып берген”, – дейді “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев.

Алайда, Ердос Қанаев айрықша қабілет-қарымына, елден ерек дарынына қарамастан, әйел затының сахнада емес, отбасының жанында, ошақ қасында отырғанын жөн көреді.

“Маған салсаңыз, өзім әйел адамның көп жүргенін құптай бермеймін. Мен де сол жолдамын. Келіншегімді актриса, я болмаса әнші ретінде шығармағам. Сол үйдің түтінін түтетіп отыр”, – дейді Ердос.

Шоу-бизнес өкілдерінің арасында, Жұлдыз Әбдікарімованың жаңа жанкүйерлері де жоқ емес…

“Өнерде көргім келеді, Қайраттың жанында да көргім келеді, ол өте ақылды қыз. Сондықтан да, менің ойымша ол екі жолды да алып жүре алатын қыз”, – дейді әнші Мәдина Сәдуақасова.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас жарымен бірге Лилия Рахтың сән кешіне қатысты

Шаршадым: Сиви Махмуди продюсерлік жобаларымен қош айтысты

Қазақтың халық әнін шырқаған америкалық ару дүйім жұртты сүйсіндірді (видео)

Мейрамбек Бесбаев “Жекпе-жек” жобасын әділетсіз деп сынаған жұртқа жауап берді

Талқылау